Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

444

Smiley face

2019 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстанның Елшісі Қайрат Нұрпейісов Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсім барысында Қырғызстан Президенті Елшіні дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтай отырып, аталған мәртебе елдеріміз арасындағы бауырластық, тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Қырғызстанның Мемлекет басшысы Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдеріміз арасындағы бауырластық және одақтастық қатынастарды әрқашан қолдайтынын атап өтті. Елбасының әртүрлі халықаралық іс-шаралар шеңберінде өткен жеке кездесулердегі лебіздері осының куәсі екенін жеткізді. Ол, сондай-ақ Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы ұстанған бағытты жалғастырғаны үшін қанағаттанушылық пен ризашылық білдірді.

Smiley face

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты достық байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті, сондай-ақ алда болатын жоғары деңгейдегі сапарға дайындық мәселелерін талқылады.

Smiley face


Көзі: yunews.kz