Алаяқ Семей тұрғынына Ресейден көлік айдап әкелуге уәде берген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алаяқ Семей тұрғынына Ресейден көлік айдап әкелуге уәде берген

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Семейде алаяқтық жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды. Ресей Федерациясынан автокөлік айдап әкелемін деген сылтаумен ол бір келіншектен 800 мың теңге алдын ала төлем алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Өзі де жоқ, ақша да жоқ. Машина болса болмаса жоқ.
«Содан кейін 44 жастағы жәбірленуші келіншек полицияға шағым түсірді. Белгілі болғандай, қаскүнем ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
38 жастағы қала тұрғынының әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Алаяқтық» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін көрсетеді. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: yunews.kz