Ветеринарлық станция мен банктің бас есепшісі 25 миллион теңге ұрлап кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ветеринарлық станция мен банктің бас есепшісі 25 миллион теңге ұрлап кеткен

444

Smiley face
Фото из открытых источников

«Қарқаралы ветеринарлық станциясы» КМК бас есепшісі және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚФ кассирі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
«Ә. Манабаева мен Н.Сыздықова  2015-2017 жылдары жалпы сомасы 25 млн. теңгенің тауарлық-материалдық қорларын жеткізу сылтауымен кәсіпорынның ақшалай қаражатын алу, беру және қолма-қол ақшаны алу арқылы бюджет қаражатын ұрлаған», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.
Қарағанды ​​облысының Қарқаралы аудандық соты жемқор келіншектерді кінәлі деп тауып, Манабаеваны 6 жылға, Сыздықованы 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Көзі: yunews.kz