Қазақстан Қытайға шошқа етін және құрама жем экспорттайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Қытайға шошқа етін және құрама жем экспорттайды

444

Smiley face

Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚХР Бас кеден басқармасының министрі Ни Юэфен сүт өнімдері, жүн экспортына ветеринарлық-санитарлық талаптар бойынша хаттамаларға және зығырға фитосанитарлық талаптар бойынша хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ағымдағы жылы аталған өнім түрлерін экспорттауды бастауға мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, қазақстандық өнім Қытайда жоғары сапасы, экологиялық және табиғаттылығы үшін өте жоғары бағаланады.

Айта кету керек, Қазақстан қазірдің өзінде Қытайға өнімнің 17 түріне қойылатын талаптарды келіскен.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында ҚХРға қазақстандық шошқа еті мен құрама жемнің экспортына келісім мен хаттамаға қол қою аяқталады деп күтілуде.


Көзі: yunews.kz