Шетелдік жұмысшылармен төбелес көрсетілген жазбаның қазақстандық мұнай компанияларына ешқандай қатысы жоқ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шетелдік жұмысшылармен төбелес көрсетілген жазбаның қазақстандық мұнай компанияларына ешқандай қатысы жоқ

444

Smiley face
Кадр из видео

Бүгін көптеген пабликтерде қытайлық және қазақстандық жұмысшылар арасындағы болжалды төбелес көрсетілген бейнежазба пайда болды. Бейнежазбаның астында  "Маңғыстаумұнайгаздағы төбелес" деп жазылған.

Алайда компанияның баспасөз қызметінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Біріншіден, біздің мұнайшыларда да, қытайлық мердігерлерде де мұндай түсті форма жоқ. Екіншіден, кен орындарында төбелері биік мұндай асханалар жоқ. Бұл бейне біздің компанияға да, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тобына да қатысты емес", - деп хабарлады "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Майра Гумарова.

Компанияда орналастырылатын контентке мұқият назар аударуды өтінеді, себебі қытай зауыттарының құрылысына қарсы өткен митингтерден кейін әлеуметтік желілерге арнайы жалған жаңалықтар салынуы жоққа шығарылмайды.

Белгілі болғандай, бейнежазба Ресей Федерациясындағы компаниялардың бірінде түсірілген.


Көзі: yunews.kz