Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі Қытай миллиардерімен кездесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі Қытай миллиардерімен кездесті

444

Smiley face
Фото: пресс-службы Акорды

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерекесімен және «Alibaba Group» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технология саласы маңызды рөл атқаратынын айтты.

"Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсетем деген ниетіңізді жоғары бағалаймын. Біз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы цифрлық экономиканы дамытуға қатысты стратегиялық келісім жасадық. Осы іске сіздің де атсалысқаныңызды қалаймыз",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі Джек Ма Қазақстанда бірнеше рет болғанын, біздің елдің мәдениеті мен адамдары ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Ол өзінің тәжірибесін қазақстандықтармен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

«Alibaba Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Юн Мемлекет басшысына әлемдік интернет сауданың көшбасшысы саналатын ұжымның тарихы мен қызметі жайында, қалыптасқан өзіндік дәстүрі туралы, болашақтағы жоспарлары мен электронды коммерциядағы жаңа трендтер хақында баяндады.


Көзі: yunews.kz