Тоңазытқышты жөндеу кезінде Ақтауда жарылыс болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тоңазытқышты жөндеу кезінде Ақтауда жарылыс болды

444

Smiley face
Фото ДЧС Мангистауской области

Ақтаудың 11 шағын ауданындағы үйлердің бірінде өрт болып, 44 жастағы ер адам зардап шекті. Белгілі болғандай, пәтер иелері тоңазытқышты жөндеуге шеберді шақырған.
«Тоңазытқышты жөндеу кезінде жарылыс шықты, содан кейін өрт басталған. Пәтер иелері өртті өздігінен өшіре алмаған және өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт салдарынан тоңазытқыш шебері термиялық күйік алды, ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт тұрмыстық техникалар мен ас үй жиһаздарын қиратты, жалпы өрт көлемі бес шаршы метрді құрады.

Smiley faceФото ДЧС Мангистауской области


Көзі: yunews.kz