Ақтауда үш көліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам жарақаттанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда үш көліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам жарақаттанды

444

Smiley face

Фото из открытых источников

Үш көліктің қатысуымен болған апат «Адай» автомобиль депосының аумағында болды. Апат салдарынан 6 адам зардап шекті. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен алты адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілген, олардың біреуі ауыр халде.
«Науқастарда дененің әртүрлі бөліктері көгерген. Бір науқас сол жақ аяғының  сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің ашық сынуы және төменгі жақ сүйегінің сынуымен травматология бөлімшесіне жатқызылды», деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтауда.


Көзі: yunews.kz