«Өлі жандар» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Өлі жандар»

444

Smiley face
Фото из открытых источников

«Шу ауданаралық прокуратурасы облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне жүргізілген тексеру барысында  мүгедектерді оңалту қызметтеріне бюджеттік қаражаттың заңсыз бөлінуінің 12 фактісін анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Мысалы, азамат К., бірінші топтағы мүгедек, денсаулығына байланысты жеке көмекші болып тағайындалды, оған ай сайын бюджеттен 15 мың теңге жалақы төленеді». Азамат К. 2019 жылдың 25 қаңтарында қайтыс болғанына қарамастан, қаңтар-шілде аралығында жеке көмекшісіне мемлекеттік бюджеттен жалақы төленген. Осылайша мемлекетке жарты миллион теңгеден астам мөлшерде залал келді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж бірінші топтағы алты мүгедек адамға жәрдемақы берілмеген. Ал жұмыс істейтін 16 мүгедектен 1,3 миллион теңге көлемінде салық заңсыз ұсталған.

«Прокурордың шараларымен мүгедектерге оңалту қондырғылары мен қызмет көрсетілді, заңсыз ұсталған қаражат толық көлемде қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды», деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.


Көзі: yunews.kz