Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына жеке қолдау көрсетуге уәде берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына жеке қолдау көрсетуге уәде берді

444

Smiley face
Фото с сайта elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына жеке өзі қолдау білдіреді. Бұл туралы бүгін Тұңғыш Президент-Елбасы  орталыққа барғанда айтты, деп хабарлады Тұңғыш Президент-Елбасы баспасөз қызметі.

Елбасы ЭКСПО көрмесінен қалған дүниелермен танысып, қаржы орталығы Биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті. Шет елдің капиталы экономиканың өсу қарқынын 7 пайызда ұстап тұруға мүмкіндік береді және Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болуына септігін тигізбек.

«Жекешелендіру жоспарын АХҚО биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Сонымен қатар, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты», – деді ҚР Тұңғыш  Президенті - Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев.  


Көзі: yunews.kz