Европа даму және қайта құру банкі жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту үшін Қазақстанға қосымша 300 млн. евро бөледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Европа даму және қайта құру банкі жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту үшін Қазақстанға қосымша 300 млн. евро бөледі

444

Smiley faceФото НИШ

Еуропалық даму және қайта құру банкі Қазақстанның «жасыл экономикасына» 300 млн. евро инвестиция бөлген. Бұл туралы банк президенті Сума Чакрабарти ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің бұл жолғы Қазақстанға жасаған сапарымның бұрынғылардан бірнеше айырмашылығы бар. Форум Қазақстанның жаңа Президентінің қатысуымен өтіп жатыр. Кеңеске жаңа мүшелер қабылданып жатыр», - деген банк басшысы Еуропалық банктің Қазақстан кэономикасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері белсенді инвестор болып келе жатқанын атады.

«Біздің банк пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас шетелдік инвесторлар кеңесі құрылмай тұрып орнаған болатын. Қазақстанға құйған инвестицияның жалпы көлемі 9 млрд доллардан асады. Оның ішінде биылдың өзінде 450 млн доллар қаржы салып отырмыз. 3 бірдей баламалы қуат көздерін дамытуға арналған жобаны қаржыландырмақпыз. Қазақстанның «жасыл кэономикасын» қолдауға жалпы сомасы 375 млн доллар бөлдік», - деді Сума Чакрабарти.

Еуропалық банк төрағасы Қазақстан экономикасындағы еңбек өнімділігінің артып келе жатқанын да атады. «Біз Қазақстанның жарқын болашағы туралы айтқанда абстрактілі ойға жол бермеуіміз керек. Қазақстан экономикасы басымдықты жоғары білікті мамандарға беру бағытынан көп дүние ұтты. Бұл тәжірибе - көптеген дамушы және дамыған елдерге үлгі», - деді ол.


Көзі: yunews.kz