Түркістан облысының диқандары жылына үш рет егін жинауды жоспарлап отыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысының диқандары жылына үш рет егін жинауды жоспарлап отыр

444

Smiley face
Фото: пресс-служба акима Туркестанской области

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғашқы сапары Достық ауылында орналасқан «Отан Ана» шаруа қожалығы болды. Мұнда аймақ басшысы шаруалардың дала жұмыстарымен танысты. 73,9 гектар алқапта жоңышқа, жүгері, қауын-қарбыз және басқа да көкөністер өсіріледі.

Айта кету керек, жергілікті шаруалар соңғы жылдары кеңінен қолданылатын тамшылатып суару әдісінің тиімділігін атап өтті. Осының арқасында кірістер көлемі артып келеді. Болашақта диқандар жылына үш рет егін жинауды жоспарлап отыр. «Табысты арттыру үшін жұмыс жасау өте жақсы. Бірақ, бүкіл егін жиналғанша, оны қалай сақтау керектігі туралы ойлану керек. Бізге қоймалар санын көбейту керек», - деді Өмірзақ Естайұлы шаруа қожалықтарының иелеріне.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Мақтаарал ауданында ауылшаруашылық өнімінің көлемі 8 028 млн теңгені құрады.


Көзі: yunews.kz