«Қалқан-2019» тактикалық оқу-жаттығулары өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Қалқан-2019» тактикалық оқу-жаттығулары өтті

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Оқу-жаттығу Ташкент облысындағы «Шыршық» полигонында өтікізілді.

Өзбекстан мен Қазақстанның әскери қызметшілері бірлескен «Қалқан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді, деп РИА Новости Өзбекстан министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқу-жаттығу Ташкент облысындағы «Шыршық» полигонында өтті және екі ел бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға және халықаралық терроризммен күресуде тәжірибе алмасуға бағытталды.

Оған Өзбекстан Әскери-әуе күштерінің бөлімшелері мен арнайы операциялар бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты.

«Қалқан – 2019» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының негізгі мақсаты - бірлескен терроризмге қарсы операцияларға дайындалу мен оны өткізуде тәжірибе алмасу, сондай-ақ екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту және жауынгерлік бауырластықты нығайту.

Сценарий бойынша әскери қызметшілердің басты міндеті заңсыз қарулы құралымды анықтау және жою бойынша бірлескен операцияны сәтті жүргізу болды.

Шартты қарсыласты жою үшін авиация бөлімшелерге әуеден қолдау көрсетті.

Ағымдағы жылдың сәуір айында екі ел арасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Қазақстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің әскери аэродромдарында әскери әуе кемелерін қабылдауды, аэродромдық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылғанын айта кеткен жөн.


Көзі: yunews.kz