Елордада әкккі ұрылар құрықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада әкккі ұрылар құрықталды

444

Smiley face

Фото: ДП Нур-Султана

Елордалық полиция қызметкерлері коттедждерге ұры түсудің жиіленген фактілеріне орай жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысының бұрын сотталған тумаларын ұстады.

Тергеу барысында, ұсталғандар күндізгі уақытта қаланың шетінде орналасқан коттедждерге  пластикалық терезені ығыстыру арқылы кіріп, ол жерден ақша, зергерлік және тері бұйымдарын ұрлап, ломбардқа тапсырған. Қазіргі уақытта 4 ұрлық жасалғаны дәлелденіп отыр.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынды, олардың елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды құқықтық тәртіп сақшылары мына мекенжай бойынша Нұр-Сұлтан полиция департаментіне (Бейбітшілік, 19) немесе 8 (7172) 71-60-69; 71-60-28 немесе "102" телефондарына хабарласуын сұрайды.


Көзі: yunews.kz