Елордада жауын-шашындық кәріз жүйесі салынуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада жауын-шашындық кәріз жүйесі салынуда

444

Smiley face
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы тазарту құрылғысының құрылысының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды елордалық сайт.

Мемлекет басшысы қала активімен өткен жиында жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. Жаңадан салынатын тазарту құрылғысының қуаты тәулігіне 40 мыңнан астам текше метрді құрайды, бұл жауын-шашындық кәріз жүйесінің өткізгіштігін айтарлықтай жақсартады. Қазір сужинақтағыш тоғанды құрғату және жерасты тазарту құрылғысының құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тазарту құрылыстары Ж. Тәшенев, А. Бараев көшелері мен Республика даңғылындағы су басуды болдырмайды. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Smiley face
Фото: astana.gov.kz

Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, үш жинақтағыш тоғаннан тұрады. Су басу қаупі басым жерлердегі мәселені шешу үшін 17 объектінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, сондай-ақ, тағы 15 объект бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz