Өтіріктің құйрығы бір тұтам... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өтіріктің құйрығы бір тұтам...

444

Smiley face
Фото: enbek.gov.kz

Павлодар облысында 444 отбасына атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады, себебі олар өздерінің нақты табысын жасыруға тырысқан.

"Мәселен, Май ауданы Қаратерек ауылында тұратын 6 адамнан тұратын отбасы 2019 жылдың сәуір айында АӘК тағайындауға өтініш берді. Отбасына 105 мың 843 теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Біздің басқарманың күшімен қосымша тексеру кезінде отбасының нақты табысын жасыру фактісі анықталды. Қайта есептеу нәтижесінде отбасына АӘК беруден бас тартылды", – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Майгүл Рахымжанова.

Айта кетейік, АӘК тағайындаудың және төлеудің дұрыстығына мониторинг жүргізу нәтижесінде 72 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушылар табысы туралы дұрыс емес мәліметтер бергені анықталды.

Осыған байланысты Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заңын бұзумен заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша дербес жұмыс жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

15 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн қазақстандық қамтылды. Жәрдемақы алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 498,7 мың адам, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам тұрады. 1 тамызға 103 млрд теңге сома АӘК төленді. Бір отбасына төлемнің орташа мөлшері айына 86 мың теңгені құрады.


Көзі: yunews.kz