Павлодарлықтар айыппұл үшін 22 миллион теңге төледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарлықтар айыппұл үшін 22 миллион теңге төледі

444

Smiley face
Фото: ДП Павлодарской области

"Борышкер" жедел-алдын алу шарасының қорытындысы бойынша павлодарлықтар бір апта ішінде 22 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі. Павлодарлық полицейлер төленбеген айыппұлдар туралы 18 мыңнан астам смс-хабарлама жолдады, деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

"Мысалы, "Борышкер" жедел алдын алу шараларын жүргізу барысында Ақсу қ. ПБ қызметкерлері "ВАЗ" маркалы автокөлікті арнайы айып тұрағына қамады, себебі жүргізушінің 2018 жылы төленбеген әкімшілік айыппұлы болған. Айыппұл төленгеннен кейін көлік иесіне қайтарылды", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сіздерде әкімшілік айыппұл бойынша қарыз бар-жоғын мына сілтемеге өтіп білуге болады http://gamgor.gov.kz/shtrafy. Сондай-ақ, айыппұлыңызды мына жолдармен тексеруге және төлеуге болады: онлайн режимде, мобильді қосымшалардағы интернет-сайттар арқылы qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, egov.kz және т.б., сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде жүргізіледі.


Көзі: yunews.kz