«IELTS» құны 440 мың теңге - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«IELTS» құны 440 мың теңге

444

Smiley face
Фото: ДП Алматы

46 жастағы алматылық жұмыссыз әйел танысына алыс шетелде оқу және көшіп бару үшін қажетті сертификаттарды алуға көмек көрсету, сондай-ақ докторантураға түсуге қолдау көрсетуді ұсынған. Осылайша, аңғал азаматтар үшін "IELTS" алу «қызметі» 440 мың теңге болса, докторантураға түсу 1,5 миллион теңгеге бағаланған.

"Айта кетерлігі, күдікті кейінгі уақытқа дейін ЖОО-ның бірінде жұмыс істеген, дәл осы жәйт жәбірленушілер тарапынан сенімді қарым-қатынас тудырған. Алайда алаяқ өз сөзінде тұрмай, қолына түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелген – екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жасұлан Тұрыспаев.

 Қазіргі уақытта күдіктіге оңтүстік астананың аумағында болған 4 оқиға үшін айып тағылып отыр. Аталған адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен барлық азаматтар мына телефондар арқылы хабарласа алады: 298-53-71; 8-701-252-50-50; 8-701-718-70-69 немесе 102».


Көзі: yunews.kz