Ұлттық ұланда БТР үздік экипажы анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық ұланда БТР үздік экипажы анықталды

444

Smiley face

Ұлттық ұлан фотосы

Өскеменде ҚР Ұлттық гвардиясының “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінде “Үздік БТР экипажы” және “Үздік жүргізуші” атақтары үшін жарыс өтті, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Осы жылы байқау үш кезеңде өткізілді: бірінші - әскери бөлім жүргізушілері арасында, екінші кезең ӨБ жүргізушілері арасында және қорытынды кезең Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Сағатбек Нұрахметовтың басшылығымен Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының үздік жүргізушілері мен экипаждары арасында өтті.

Smiley face

“Жарыстың басты мақсаты – практикалық дағдыларды арттыру және үздік жүргізуші мен үздік әскери экипажды анықтау. Біз бүгін өздерінің кәсіби сапасын көрсеткен БТР жүргізушілері мен экипаждары арасындағы ең үздіктерді анықтадық”, – деді Нұрахметов.

БТР үздік экимпажы болуы оңай емес. Алғашында жарысқа қатысушылар тереңдігі 3 метр болатын су бассейнін өту қажет болды. Одан кейін, үш түрі нысанаға пулеметтен оқ ату қажет болды. Мәре сызығы ауқымды тоннельмен жүріп өту болды.

Әскери іс-шараның екінші бөлімі қатысушылардан КамАЗда тауларды еңсеріп, қос табан көпірден жүріп өтуді талап еткен “Үздік жүргізуші” атағы үшін жарыс болды.

Smiley face

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесі түрде бөлінді: "Шығыс" ӨБ үздік экипаж болды, 114 балл жинады. Тұғырдың екінші сатысын "Орталық" ӨБ 105 ұпаймен иеленсе, үшінші орынды "Батыс" ӨБ  жеңіп, қарсыластарына 2 ұпайға ғана жол беріп алды.


Көзі: yunews.kz