Семей көшелерінде ГАЗельдер болмайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей көшелерінде ГАЗельдер болмайды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов "Таксопарк" ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Негізінен бұл - ГАЗельдердің жүргізушілері мен кондукторлары. Шағын автобустар жарақат қаупі жоғары, ЖҚЕ жиі бұзатын көлік ретінде қазіргі уақытта жаңа көлік желісінің қолданыстағы бағыттарынан алынып тасталғаны белгілі. Сондықтан да кездесуде жұмыссыз қалған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы сөз болды.

"Айта кету керек, әкім қалалық жолаушылар тасымалы жүйесіндегі өзгерістер нәтижесінде күрделі жағдайларға тап болған жүргізушілер және кондукторлармен алғаш рет кездесіп отырған жоқ.  Әрине, анағұрлым қызықты ұсыныс - жүргізушілер мен кондукторларды тендер ұтып алған парктерге ауыстыру болып табылады, себебі оларда білікті кадрлар жетіспейді", - деді қалалық әкімдікте.

Алайда, әңгіме барысында көптеген жүргізушілер басқа парктің бұрынғы қызметкерлері сияқты көлік құралдарын сатып алып, қазір олар бойынша үлкен несиелер төлейтіні анықталды. Әкім оларды қолайлы жағдайларда жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қарастыруға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Семейде жаңа автобустармен маршруттық желі іске қосылды.


Көзі: yunews.kz