Алматы – Отар учаскесі ақсеңгір – шамалған аралағындағы күзетілетін өткелінде №43 «Алматы - Қостанай» жолаушылар пойызының автобуспен соқтығысуы туралы ақпарат - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы – Отар учаскесі ақсеңгір – шамалған аралағындағы күзетілетін өткелінде №43 «Алматы - Қостанай» жолаушылар пойызының автобуспен соқтығысуы туралы ақпарат

444

Smiley face

2019 жылдың 15 қыркүйегінде 19 сағат 08 минутта Алматы жол бөлімшесінің Алматы – Отар учаскесі Ақсеңгір – Шамалған аралығындағы, 4028 км орналасқан реттелетін күзетілетін өтпесінде №43 «Алматы-Қостанай» пойызының («Түрксіб-Астана» ЖШС жеке тасымалдаушы) «Алматы-Қаскелен» автобусымен (№456 рейс) қақтығысы келесідей жағдайлар бойынша 2 пикетте орын алды:

№757 АR 05 автобусының жүргізушісі өтпенің арғы жағындағы жолдың бостығына көз жеткізбестен, өтпенің үстіне шығып кетіп, орын алған «тығын» салдарынан өткелде тұрып қалуға жол берген. №43 жолаушылар пойызының жақындауы кезінде өткелдің дабыл құрылғысы автоматты түрде іске қосылып – өткел бағдаршамы «қызылға» жанып, шлагбаум автокөліктің өткелде тұрып қалуына байланысты соңына дейін жабылмай қалған. Өткел бойынша кезекші жолаушылар пойызын тоқтату үшін ескерту бағдаршамын іске қосу бойынша шара қабылдады.

Бұл орайда №43 жолаушылар пойызының машинисі жедел тежегішті іске қосқанымен, арақашықтықтың аздығынан қақтығыстың алдын ала алмады. Соқтығысу нәтижесінде автобусты жолдан қағып, KZ4AC-0010 электровозы зақымданды, бірақ жолдан шыққан жоқ. Қақтығыс салдарын №43 пойызының электрвозы ауыстырылып, 01 сағат 38 минут кешіктіріліп жөнелтілді, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ.

Аталған жағдайды жіті тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссия құрылды.


Көзі: yunews.kz