Адвокат алаяқтық және пара беруге арандатушылық үшін күдіктенуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Адвокат алаяқтық және пара беруге арандатушылық үшін күдіктенуде

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты пара беруге арандату және алаяқтық үшін күдіктенуде.

"Ол БҚО Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының лауазымды адамдарына "үйқамаққа алу" бұлтартпау шарасын таңдау үшін 80 мың теңге көлемінде пара беруге арандатқаны үшін және аталған соманы алаяқтық жолымен иемденгені үшін күдіктенеді", - деп хабарлайды БҚО Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

Кінәсін мойындағаны, күдіктінің және оның адвокатының іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатына байланысты қамауда ұстау шарасы қолданылған жоқ. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Тергеу жалғасуда


Көзі: yunews.kz