VS жүргізушісі жол бақылаушы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

VS жүргізушісі жол бақылаушы

444

Smiley face
Фото из социальных сетей

Алматы облысында жолаушылар поезы мен рейстік автобустың соқтығысу фактісі бойынша көліктегі полиция департаментімен, Алматы облысының полиция департаментімен, сондай-ақ ІІМ-мен бірлесіп жедел-тергеу тобы құрылды.

"Қазіргі уақытта ЖКО-ның барлық себептері анықталуда. Сіздер барлығыңыз бейнежазбада  автобустың теміржол өткелінде тоқтағанын көрдіңіздер.  Соқтығысу кезінде, автобус соқтығысқанға дейін онда 20 адам болған, оның 16-сы өздігінен автобустың артқы есігі арқылы шыға алды, автобуста әйел және екі бала қалды. Сондай-ақ автобус жүргізушісі. Автобус жүргізушісі қайтыс болды. Қазіргі уақытта ауруханада дәрігерлер ана мен оның екі баласының өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барынша күш жұмсауда", - деп атап өтті ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрлігінің басшысы атап өткендей, аталған теміржол өткелі семаформен, бағдаршаммен, сондай-ақ арнайы шлагбаумдармен және техникалық құралдармен жабдықталған.

"Яғни, шлагбаум төмен түскен кезде техникалық құралдарға теміржол өтпесі арқылы өтуге жол бермейтін темір жол ұстағыш құралдары автоматты түрде көтеріледі. Автобустың қоршаудан қалай тыс қалғанын тергеу барысында білетін боламыз. Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеру жүргізілуде. Автобус сараптамаға берілді, сондай-ақ тепловоз Алматы-1 станциясында орналастырылды және онда көлік құралын тоқтатудың барлық мүмкіндіктерін анықтау үшін оқиға орнына егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі. Бұдан басқа, қазіргі уақытта оқиға орнында болған және осы соқтығыстың алдын алуға міндетті жол бақылаушының кінәсі бар-жоғы анықталуда. 344-тен 345-ке дейінгі баптар бойынша қылмыстық істер қозғалуы мүмкін - бұл жол қозғалысы және т/ж көлік қозғалысы ережелерін бұзу. Тергеу барысында біз сізге толық ақпарат береміз", - деп түйіндеді Тұрғынбаев.


Көзі: yunews.kz