ШҚО-да балықшылардың денесі табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да балықшылардың денесі табылды

444

Smiley face

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде екі балықшы іздестіру жұмыстары аяқталды.

 "41 жастағы балықшының денесі Күршім ауданының Жолнұсқау ауылынан 15 шақырым жерде табылды. Ер адамда құтқару кеудешесі болған жоқ. 26 жастағы балықшының мәйітін жергілікті тұрғындар 1.5 шақырым жерден тапты",- деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Smiley face
Фото: пресс-служба  ДЧС ВКО

Айта кетейік, іздестіру жұмыстары бір аптадан артық жүргізілді. Оған құтқарушылар ғана емес, жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды. Операцияға барлығы 25 жүзу құралдарында 50 адам қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, екі жергілікті тұрғын 6 қыркүйекте қайықта балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.


Көзі: yunews.kz