Қазақстандық теннисші Қытайда өткен турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық теннисші Қытайда өткен турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды

444

Smiley face

Фото: olympic.kz

Қытайда 9-15 қыркүйек аралығында Аннинь қаласында өткен ITF World Tennis Tour сериясындағы турнир аяқталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 15 000 долларды құрады, деп хабарлайды Оlympic.kz. 

Оған Қазақстанның атынан Алматыдан келген 19 жасар Жібек Құламбаева қатысты. Жас теннисші турнирдің абсолютті жеңімпазы атанып, жеке және жұптық сында да алтынға қол жеткізді.  Бірінші айналымда Жібек американдық Эми Жуден 6:4, 6:2 есебімен басым түсті, екінші айналымда корттың қожайыны Шоу На Му-дан 6:1, 6:2 есебімен озды. Ширек финалда Құламбаеваның қарсыласы - жапондық Аяка Окуно екінші сетте матчтан шықты.

Жартылай финалда біздің отандасымыз тағы бір қытайлық Мейки Гуоны 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Ал турнирдің бас жүлдесі үшін тартыста Жібек хорваттық Олександра Олийникованы – 6:3, 7:5 есебімен ойсырата жеңді. 

Жұптық разрядта қазақстандық теннисші Есинь Ма-мен дуэтте өнер көрсетіп, финалға жетіп, турнирдің үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бірінші айналымда олар Қытай жұбын Хе/Донг – 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Ширек финалда үш сетте жапондықтар Кавамура/Козакиден басым түсті – 2:6, 6:1, 10:8. Жартылай финалда үш метрлік матчта қытайлық Сици Као /Мейки Гуоны жеңді – 6:3, 0:6, 10:6. Шешуші финалдық кездесуде Құламбаева/Есинь Ма жұптары корттың басқа қожайындары Си Ки Лю/Ю Ци Шенді 6:4, 6:3 есебімен жеңді.


Көзі: yunews.kz