Ұяттан жұрдай - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұяттан жұрдай

444

Smiley face
Фото: ДП Алматинской области

Өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстарған алматылық әйел 80 мың теңгені иемденіп кеткен.

Алматы ПД-нің хабарлауынша, әйел адам өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, зейнеткерге азық-түлік пен көмірді тегін беру бойынша жүргізіліп жатқан акция туралы жалған ақпарат берген. Ол жәбірленушінің сеніміне әбден кіру үшін, оған бірнеше килограмм макарон, қант, ұн әкеліп берген, сондай-ақ акция бойынша уәде етілген үш тонна көмірдің әкелінетінін айтқан. Нәтижесінде, күдікті жалпы сомасы 80 мың теңге ақша қаражатын алдап алған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 190-бабына сәйкес жүргізіледі. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.


Көзі: yunews.kz