Шымкенттегі ЖҚО: бір жолаушы қайтыс болды, үш адам жараланды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкенттегі ЖҚО: бір жолаушы қайтыс болды, үш адам жараланды

444

Smiley face
Кадр из видео

Бүгін Шымкент қаласында Назарбаев даңғылы мен Бәйтереков көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Автобустың жүргізушісі жол жүру ережесін ескермей, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, "Тойота Камри" маркалы автокөлігімен соқтығысып, аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. "Тойота Камри" автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың екі жолаушысы Шымкент қаласының медициналық мекемелерінің біріне жатқызылды. Сонымен қатар, "Тойота Камри" автокөлігінің екі жолаушысына, автобустың 6 жолаушысына және оның жүргізушісіне медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне қайтарылды.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.   

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі


Көзі: yunews.kz