Өскемен тұрғыны қызбен ажырасқаннан кейін екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемен тұрғыны қызбен ажырасқаннан кейін екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды

444

Smiley face

Фото: ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Өткен демалыс күндері патрульдеу кезінде патруль бастығы лейтенант Ермек Уәлиевке Өскемен қ. ПБ ЖБО-дан Н.Назарбаев даңғылы, 26/1 бойынша мекенжайда еуропалық келбетті ер адам 4 қабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп кетпекші деген шақырту келіп түсті. Өз-өзіне қол жұмсау  себебі қызбен ажырасу болды.

"Қабылданған шақыру бойынша гвардияшылар дереу көрсетілген мекенжайға беттеді. Оқиға орнына келген патрульдік топтың бастығы лейтенант Уәлиев келіссөздер жүргізу арқасында 27 жасар ер адамның өзіне қол жұмсауының алдын алды. Алайда, оны тұрғын үйдің шатырынан түсіріп алған кезде, ер адам қайтадан өмірмен есеп айырысуға тырысты. Осылайша, жігіт көлік жүретін жолға шығып, машина дөңгелегінің астына ұмтылды",-деп түсіндірді ҚР Ұлттық гвардиясының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Алайда, гвардияшылар Дора атты қызметтік иттің көмегімен жігітті тоқтата алды. Бірақ жүрегі «жаралы» ғашық жігіт өзіне дене жарақатын салуға барын салды, сондықтан әскери наряд оған  қол кісендерін қолданды, содан кейін ер адам одан әрі талқылап қарау үшін Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне жеткізілді.


Көзі: yunews.kz