Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан бес адам қаза тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан бес адам қаза тапты

444

Smiley face

Фото куәгерлермен ұсынылды

Апат Орал-Атырау тас жолында орын алды. Жеңіл көлік Тайпақ ауылының маңында ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы - 36, 34 және 20 жастағы ер адамдар, сондай-ақ 48 және 43 жастағы екі әйел жедел жәрдем келгенше алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Жүк көлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.

ПД ЖПҚ бастығының орынбасары Манарбек Тәжиев жеңіл автокөлік Оралға қарай бағыт алғанын, ал ЗИЛ қарсы бағытта қозғалғанын айтты. Тайпақ ауылына солға қарай бұрылғанда жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл машинаны өткізіп жіберуі тиіс еді, алайда ол мұны жасамады, және шетелдік көлік ЗИЛ-дің бүйіріне соғылды.

- ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы "Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Манарбек Нәжиев.


Көзі: yunews.kz