Қостанай полицейлері автокөлікті айдап әкеткен бұзақыны ізін суытпастан құрықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай полицейлері автокөлікті айдап әкеткен бұзақыны ізін суытпастан құрықтады

444

Smiley face

Фото: ДП Костанайской области

Қостанай қаласының полицейлері көлік ұрлаушыны бір сағаттың ішінде құрықтады, деп хабарлайды Қостанай қаласының ПД.

Көлікті айдап кеткен күдіктіні ұстауға бағдар алған тәртіп сақшылары жедел түрде автопатрульдеуді бастады.

Патрульдеу барысында айдап әкетілген көліктің сипаттамаларына сәйкес келетін көлік тоқтатылды. Мән-жайды анықтау кезінде жүргізушіде құжаттардың болмағандығы анықталды.

Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында автокөлікті айдап әкету жедел ашылды.


Көзі: yunews.kz