Дәленов Қазақстанға инвесторларды қалай тарту керектігін айтып берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дәленов Қазақстанға инвесторларды қалай тарту керектігін айтып берді

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанның әлемнің ТОП-30 дамыған елдері қатарына қалай кіретінін айтты. Министрдің айтуынша, бірінші кезекте ІЖӨ-нің тұрақты өсуі және инвестиция ағынын қолдау қажет.

Инвестордың экономикаға келуіне жеті көрсеткіш ықпал етеді.

"Бұл бизнес жүргізудің жеңілдігі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы, кедендік ресімдеудің тиімділігі, халықтың орта және жоғары білім деңгейі, сондай-ақ егемен кредиттік рейтингтер", - деп түсіндірді Дәленов Үкімет отырысында.

Қазақстан "Doing Business" бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде 28-ші орынға ие. 2025 жылы ТОП-20-ға кіріп, Латвиямен, Финляндиямен және Австралиямен қатар тұру мақсаты тұр

"Бұл рейтингте тежеуші факторлар: халықаралық сауда саласы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімдері, құрылысқа рұқсат алу, несие алу және салық салу, сондай-ақ кәсіпорындар мен меншікті тіркеу болып табылады", - деп түсіндіреді Ұлттық экономика министрі.

Бизнес жүргізу шарттары бойынша Алматы, Ақтау және Ақтөбе алдыңғы қатарлы аймақтар болды, Қарағанды, Өскемен және Тараз артта қалуда.

"Рейтингтегі Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту жөніндегі ұсыныстар тиісті шаралар жоспарына енгізілуі тиіс. Олардың орындалуы жүйелі түрде қадағалануы тиіс", - деп түйіндеді министр.


Көзі: yunews.kz