Қазақстан әлем чемпионатында екі олимпиада лицензиясын жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан әлем чемпионатында екі олимпиада лицензиясын жеңіп алды

444

Smiley face
Фото: astana.gov.kz

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл спорт түрі бойынша ауқымды жарыстар елімізде бірінші рет өткізілуде. Әлемнің 105 елінен 1000-нан астам спортшы қатысуға келді, деп хабарлайды елорда сайты.

Нұр-Сұлтандағы біріншілік  - Токио-2020 Олимпиада ойындарына  іріктеу кезеңі. Мұнда 108 олимпиада квоталары ойнатылады, ал жеңімпаздар автоматты түрде Олимпиадаға барады.

 Чемпионаттың үшінші күні Токиодағы Олимпиада ойындары-2020 қатысуға лицензияны тағы екі қазақстандық – Мейрамбек Айнагулов пен Асхат Ділмұхамедов жеңіп алды. Бұның қарсаңында салтанатты рәсімде Қазақстан құрамасының қоржыны екі медальмен толықты: Қорлан Жақанша чемпионаттың күміс жүлдегері, ал Алмат Кебіспаев қола жүлдеге ие болды.

Smiley face
Фото: astana.gov.kz

Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР вице-премьері Б. Сапарбаев, қала әкімі А. Көлгінов, Қазақстан күрес федерациясының президенті Сауат Мыңбаев, Біріккен күрес ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров және т. б. болды.

Smiley face
Фото: astana.gov.kz

"Елбасы елдің туы екі жағдайда көтерілетіндігін атап өтті: ел басшылығының шетелдік сапарлары кезінде және спортшылардың олимпиадалардағы жеңістері кезінде. Спортшыларды чемпионатты өткізумен құттықтаймын, жарыстарда сәттілік пен күш-жігер тілеймін", - деді А. Көлгінов.

Алаңға қатысушы елдердің жалаулары шықты. Чемпионат 23 қыркүйекке дейін өтеді. Олимпиада жолдамаларын әрбір салмақ дәрежесінде 6 балуан алады.

Smiley face
Фото: astana.gov.kz


Көзі: yunews.kz