Семейде 150-жылдық неміс пианиносы сатылуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде 150-жылдық неміс пианиносы сатылуда

444

Smiley face

Фото: olx.kz

Пианино иесі Мұрат 1869 жылы шыққан "Wittenberg" неміс компаниясының раритетті музыкалық аспабы оған Ресейге көшіп кеткен көршілерінен қалғанын айтты.

"Кетер алдында олар маған пианиноны берді, сондықтан ол менде қалды. Көршімнің айтуынша, музыкалық аспап оның әжесіне тиесілі. Бұл антиквариаттың оларға қайдан келгенін білмеймін", - деп түсіндірді иесі.

Мұрат пианино жұмыс істеп тұрғанын, тек бір перне жұмыс істемейтінін айтты. Ер адам оны бірнеше апта  бұрын сатуға қойғанымен, негізінен Алматыдағы антикварлар ғана көп қызығушылық танытуда.

Smiley face
Фото: olx.kz


Көзі: yunews.kz