Ақтаудағы демалыс базаларына газ беру шектеледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтаудағы демалыс базаларына газ беру шектеледі

444

Smiley face

Фото Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінен

"Теплый пляж" учаскесінде орналасқан демалыс базалары осы жылдың 23 қыркүйегінен бастап газсыз қалады. Бұл "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС бас тоғанынан бастап "Алау" демалыс базасына дейін 4 жолаққа дейін кеңейту жоспарланып отырған автожолды күрделі жөндеумен байланысты.

"Алайда жобаланған автомобиль жолының құрылысына қолданыстағы газ құбыры кедергі келтіреді. Осыған байланысты газ құбырын уақытша көшіру қажеттілігі туындады. Сондай-ақ, осы учаскеде инженерлік желілерді (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Жұмыс өңірдің туристік кластерін дамыту аясында жүргізілуде. Бірінші кезекте бұл жұмыстар осы учаскелердің иелері үшін қажет. Инвестициялар тарту үшін бірінші кезекте барлық жағдайлар жасалуы тиіс. Мұнда заманауи жобаларды іске асыру үшін қуатты инженерлік коммуникациялар қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұраймыз және түсіністікке үміттенеміз",- деп хабарлады Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Демалыс базалары қанша уақыт газсыз болатыны әлі белгісіз.

Бүгінгі күні "Sembol" компаниясы осы учаскеде "Rixos" қонақүй кешенінің құрылысын жүзеге асыруда.


Көзі: yunews.kz