Маңғыстау облысының шенеуніктері өздеріне сыйлықақылар мен іссапар шығындарын жаздырып алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысының шенеуніктері өздеріне сыйлықақылар мен іссапар шығындарын жаздырып алған

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР МҚІА Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің Этика жөніндегі кеңесі өңір бюджетіне материалдық зиян келтіру бойынша бірнеше фактілерді анықтады.

"Облыс тұрғынының өтініші негізінде ведомствоның назарына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы түсті, ол 216 мың теңге көлемінде іссапар шығындарын заңсыз алған. Сонымен қатар, Сай-Өтес ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері 697 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғандығы анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерге қандай шаралар қолданылатыны шешілуде.


Көзі: yunews.kz