Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары пара алды деп айыпталуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары пара алды деп айыпталуда

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп пара алды деген күдікпен "Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" РММ бастығының бірінші орынбасары әділет майорын әшкереледі, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ол қарамағындағы қызметкерден  бопсалау  жолымен жалпы қамқорлығы мен қызметте өсіру  үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктенеді.

Күдікті Қызылорда қаласы ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


Көзі: yunews.kz