Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың қарызы 11,4 млрд теңгені құрайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың қарызы 11,4 млрд теңгені құрайды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

2019 жылдың 19 қыркүйегіндегі жағдай бойынша коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылар қарызы 11,4 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Оның мәліметі бойынша, ең үлкен дебиторлық берешек Алматы қаласында – 2,6 млрд. теңге, Нұр-Сұлтан қаласында – 1,7 млрд. теңге, Маңғыстау облысында – 1,5 млрд. теңге, Шымкент қаласында – 1,3 млрд. теңге сақталуда. Сондай-ақ, 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында 533 млн теңгеге берешек артты. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда берешек Шымкент қаласында 1,1 млрд теңгеге және Нұр-Сұлтан қаласында 568 млн теңгеге төмендеді.

Жалпы, нысандарды жылытуға дайындау 15 қазанға дейін аяқталуы тиіс. Солтүстік Қазақстан облысында жылу беру маусымы 2019 жылдың 18 қыркүйегінен басталды.

Автономды қазандықтарды жөндеу 99,8% аяқталды, жылу желілерінің 99,1% жөнделді. Сондай-ақ сумен жабдықтау желілерінің 98,7%-ы жөнделді.

Жылу беру маусымына білім беру нысандарының 99,9%-ы және денсаулық сақтау объектілерінің 99,7%-ы дайын.


Көзі: yunews.kz