Детонация немесе қауіпті заттардың жарылу қаупі бар – Ермекбаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Детонация немесе қауіпті заттардың жарылу қаупі бар – Ермекбаев

444

Smiley face
Фото из открытых источников

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласында болған жарылысқа қатысты ақпаратпен бөлісті. Министрдің айтуынша, әскери бөлім төңірегіндегі аумақ толығымен тазартылып, залалсыздандырылды, алайда аумақты шолу жалғасуда.

Сондай-ақ Ермекбаев жарылыс болған қойманың ішінде фрагменттердің, сынықтардың және әртүрлі жарылмаған заттардың көп жиналғанын атап өтті. Бұл дегеніміз, жарғыштардың немесе детонаторлардың табылуы жоққа шығарылмайды.

"Қазір ең қауіпті және жауапты жұмыс саперларда. Әскери бөлім аумағының ішінде жеке құрамды қауіпсіздендіру үшін барлық қажетті шаралар, мүмкін болатын шаралар қабылданады. Өкінішке орай, түрлі себептермен қауіпті заттардың детонациясы немесе жарылысы сияқты жағдайлар орын алуы мүмкін. Нақты себебін тергеу анықтайды", - деп атап өтті қорғаныс министрі.

Арыс қаласында соңғы жарылыс 21 қыркүйекте орын алып, 10 әскери қызметкер зардап шекті.

Қорғаныс министрінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр, біреуі - орташа ауырлықтағы жағдайда және тағы алты адамның жағдайы қанағаттанарлық, бірақ олардың барлығы тұрақты,  есті жағдайда.

Заңда қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алғандарға материалдық өтемақы көзделген.


Көзі: yunews.kz