Алматылық полицейлер екі порностудияны анықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматылық полицейлер екі порностудияны анықтады

444

Smiley face

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Медеу ауданындағы жалға алынған екі элиталық пәтерлерде порнографиялық материалдар дайындалған. Жедел іс-шаралар өткізу кезінде виртуалды интимдік қызмет көрсететін жас қыздар, сондай-ақ техникалық қолдауды қамтамасыз ететін Қырғызстаннан келген бағдарламашы ұсталды. Сонымен қатар, тінту барысында процессорлар мен тақырыптық атрибутика алынды.

Smiley face

"Студияларда жұмыс жүйелі түрде, техникалық қамтамасыз етуден бастап 3 ауысымда қыздардың жұмыс кестесіне дейін жолға қойылған. Бұл қызметтің жалғыз ерекшелігі – еркектерге төсек қызметін көрсету виртуалды түрде жүзеге асырылып келген. Қыздар өз денелерін АҚШ пен Еуропаның шетелдік сайттарында интернет арқылы веб-камера арқылы көрсетіп отырған. Осындай "ойын-сауық" үшін клиенттер біздің елден тыс сервер арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеп отырған. Сұлу қыздар бұл жұмысқа жоғары табысы бар модель қыздарды жұмысқа қабылдау туралы жарнама арқылы жүргізілген. Алайда, мың долларға есептелген жоғары табысты ешкім алмаған", - деді Алматы полициясы департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Smiley face

Алматы ІІД хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 311-бабы (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Smiley face
Smiley face
Smiley face

 


Көзі: Yunews.kz