СҚО-да өрт кезінде отбасы ауыр күйік алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СҚО-да өрт кезінде отбасы ауыр күйік алды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында үш адамнан тұратын отбасы үйден шыққан өрттен кейін ауыр жағдайда. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қайғылы оқиға Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында болған. Орталық аудандық ауруханаға үш адам жеткізілді. 29 жасар ер адам мен әйел тиісінше 20-29% және 40-49% термикалық күйік алды. Олардың бес жасар ұлы-40-49% күйік алған. Зардап шеккендердің барлығы ауыр халде.

"Сағат 16:51-де Пресновка ауылының № 11 өрт сөндіру бөлімінің хабарлама қабылдау пультіне Благовещенка ауылында тұрғын үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына 16:52-де бөлімнің кезекші қарауыл шықты. 16:56-ға жеткенде екі пәтерлі тұрғын үйдің верандасы жанып, шатырынан түтін шығып жатқаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт веранданың қабырғаларын, төбенің жабынын зақымдады. Өрттің жалпы аумағы 8 шаршы метр. Екі пәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі және шаруашылық құрылыстары құтқарылды.

Өрт сағат 17: 27-де ауыздықталды, сағат 17:30-да толықтай жойылды. Өрттің шығу себебі мен шығын анықталуда


Көзі: Yunews.kz