Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергпен кездесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергпен кездесті

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы Bloomberg ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Bloomberg ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін Bloomberg Жаһандық бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, Президент алдағы іс-шара жұмысына Қазақстанның атынан "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысатынын айтты.


Көзі: Yunews.kz