Баянауыл ұлттық паркінің орман көмкерілген жеріндегі өрт туралы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Баянауыл ұлттық паркінің орман көмкерілген жеріндегі өрт туралы

444

Smiley face
Фото: КЧС МВД РК

 

2019 жылғы 23 қыркүйекте ІІМ ТЖ комитетінде «Баянауыл ұлттық паркінің орман көмкерілген жеріндегі өрт туралы» брифинг өтті. Спикер болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккер сөз сөйледі.

 22 қыркүйекте сағат 12:40-та ДЖБО пультіне Жасыбай ауылынан 10 шақырым жерде Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ аумағында орман көмкерілген аумақта құрғақ шөп пен орман өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде ТЖД, ұлттық парктің күштері мен құралдары жіберілді. Облыстық ТЖД және әкімдікте жедел штабтар құрылды. Кешке Өскеменнен ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-171 тікұшағы келді. Өртті сөндіру мен жоюға барлығы облыстық ТЖД, ұлттық парк мемлекеттік мекемесі және жетуі қиын жердегі өртті сөндіруге  ІІМ ТЖК Қазавиақұтқару МИ-171 тікұшағы жұмылдырылды.

Smiley face
Фото: КЧС МВД РК

 

23 қыркүйекте сағат 08:15-те Павлодар облысы ТЖД басшылығы өрт орнына мониторинг жүргізу мақсатында ІІМ ТЖК Қазавиақұтқару МИ-171 тікұшағымен ұшып кетті. Ұшу барысында ашық жану жоқ екені, жекелеген ошақтардың бықсуы байқалатыны анықтылды. Орман-дала өрті елді мекендерге қауіп төндірмейді. Жағдай бақылауда.

Өрттің болжамды аумағы 93 га құрайды.

Өртті сөндіру және жою жұмыстары жалғасуда.


Көзі: yunews.kz