СҚО-да балабақшаның бас бухгалтері 11,5 млн теңге жымқырған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СҚО-да балабақшаның бас бухгалтері 11,5 млн теңге жымқырған

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде хабарлағандай, қылмыстық істі тергеу барысында 2015 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде Тайынша ауданының балабақшаларының бірінің бас бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ұйымның есеп шотына түскен ақша қаражатын ұрлаған. Ақша қаражаты үй-жайды жалға алуға, коммуналдық қызметтерге, балабақшаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған.  Сондай-ақ, азық-түлік сатып алуға арналған ата-аналар жарнасының бір бөлігі ұрланған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 11,5 млн теңгені құрайды.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінде "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету" деген айыппен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Көзі: yunews.kz