Қорқынышсыз және ертеңгі күнге сеніммен өмір сүру – Елбасы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қорқынышсыз және ертеңгі күнге сеніммен өмір сүру – Елбасы

444

Smiley face
Фото с сайта kursiv.kz

Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесі басталды, оған 65 мемлекеттен парламенттік делегациялар қатысады, олардың 41-ін парламенттердің спикерлері басқарады.

Оған еуразиялық жобаның авторы мен бастамашысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады, деп атап өтті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Кеңестің негізгі мақсаттарының бірі ядролық қарусыздануды талқылау болды. Елбасының болжамы бойынша, жаппай қырып-жою құралдарын қолданумен үшінші дүниежүзілік соғыс өркениет үшін соңғы болуы мүмкін.

"Көптен бері біздің балалар мен немерелеріміздің болашағы, ертеңгі күнге сенім мен қорқынышсыз өмір сүруге деген сұраныс қалыптасты. Осы шарттарда жердің барлық тұрғындары ядролық қарусыздану үшін жаһандық күреске белсене араласуы және планетадағы өмірді қорғауы тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Ресей, Қытай, АҚШ және Еуроодақ арасындағы сенімсіздік пен тайталас бүкіл әлемді толғандырады.

 "Осы елдердің басшылары адамзаттың болашағы үшін, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін өзінің ерекше жауапкершілігін сезінетініне сенімдімін. Төрттіктің саяси көшбасшылары планетадағы шиеленісті бәсеңдету үшін ерік көрсетуі тиіс", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Осындай диалогты ілгерілетудің маңызды қадамы ретінде келесі жылы Нұр-Сұлтанда аталған төрттіктің парламентшілерінің бейресми кездесуін өткізу ұсынылды.

"Ядролық державалар барлығымызды ядролық қарудан бас тартуға және таратпауды ұстануға шақыра отырып, өздері бұл қаруды жетілдіруді және компьютерлік ойындар деңгейінде сынап көруді жалғастыруда. Бұл адал емес, бұл жұмыс істемейді. Ең алдымен ядролық державалар бұл бастамамен бірінші болуға тиіс. Онсыз іс орнынан жылжымайды", - деп түйіндеді Елбасы.


Көзі: yunews.kz