РФ-да ірі алаяқтық жасады деп күдіктенген әйел Қазақстанда ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

РФ-да ірі алаяқтық жасады деп күдіктенген әйел Қазақстанда ұсталды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Ресейде ірі алаяқтыққа күдікті әйел Қазақстанда ұсталды, ол ресейлік құқық қорғау органдарына берілетін болады, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Іздеу" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ресейлік полицейлермен іздестірілген  алаяқ ұсталды: Ақтөбе облысы Алға ауданының 59 жасар тумасы Ресейдің Челябинск облысы Магнитогорск қаласы бойынша ІІМБ-мен "УралСИБ" ААҚ-ның банктік шоттарынан ірі ақша ұрлағаны үшін іздестірілген болатын. Күдікті әйел бір салымшыдан 155 миллион ресей рублін, екіншісінен - 5 миллион рубль шешіп алған. Одан кейін ол мемлекетаралық іздестіруге жарияланды", - делінген полиция хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, ұсталған азамат Ресей тарапына беріледі.

"Іздеу" жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген екі күннің ішінде облыс бойынша 14 қылмыскер ұсталды, оның 5-уі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен іздестірілген, 8 із-түссіз жоғалған азамат анықталды", - деп хабарлады ведомстводан.


Көзі: yunews.kz