Атырауда апат салдарынан автокөлік шарбақты бұзып өткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда апат салдарынан автокөлік шарбақты бұзып өткен

444

Smiley faceКадр из видео

«ВАЗ-21093» автокөлігінің жүргізушісі 23 қыркүйек күні» Атырау-Доссор» трассасында жол апатына ұшыраған. Анықталғандай, жол жүру кезінде ер адам жолда алаңдап, оның автомобилі жол белгісіне соғылған. Соқтығысу нәтижесінде көлік жолдың шетіне шығып кетіп, темір қоршауды бұзып өткен.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір жол қызметі апатқа кінәлі адам төлейтін шығын мөлшерін анықтауда. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды (көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы).


Көзі: Yunews.kz