Шығыс Қазақстан облысында банктің қызметкері онлайн режимде клиенттердің ақшасын ұрлаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысында банктің қызметкері онлайн режимде клиенттердің ақшасын ұрлаған

444

Smiley face
Фото из открытых источников

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері банктердің бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, банктің 27 жастағы қызметкерін клиенттердің ақшасын ұрлау бойынша әшкереледі.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, банк менеджері ақпарат пен клиенттің деректер базасына қолжетімділікті пайдаланып, банктік шоттарына өзінің абоненттік нөмірін заңсыз тіркеп, кейіннен Online Banking көмегімен олардың шоттарындағы ақшаны ұрлап кеткені белгілі болды», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұрланған сома көлемі 1,6 миллион теңгеден асты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz