Өзін бала өзін сезінді ме? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өзін бала өзін сезінді ме?

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Екі кәмелетке толмаған баланы асырап-бағу үшін бұрынғы әйелінің атына жіберілген ақшаны бір жерден жоғалтқаны туралы Ақтөбе тұрғыны сот орындаушысы қоңырау шалған соң білген. Ажырасқаннан кейін ол ай сайын бұрынғы зайыбына алимент ретінде 70 мың теңге аударып тұрған. Қаржы 2017 жылдан бастап тұрақты түсіп отырған. Алайда, өткен айда әкесінен екі бала ақша ала алмай қалған.

Тергеу жұмыстары басталды, ер адам аударған барлық түбіртектерді көрсетті. Нәтижесінде ақшаны "Қазпошта" Ақтөбе филиалының бір бөлімшесінің операторы жымқырып кеткені белгілі болды. Сонымен қатар, жас жігіт тағы бес клиенттің ақшалай аударымдарын алып қойған, жалпы сомасы - 400 мың теңге.

"Қазпошта" АҚ филиалы ішкі тексерулерден кейін полицияға жүгінді. Алайда, Ішкі істер органдары азаматтық-құқықтық қатынастардың орын алып отырғанын есептей отырып, тергеу жүргізген жоқ. Осыған байланысты аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы бастаған. Тергеу барысында ұрланған соманың толық өтелуі қамтамасыз етілді, күдіктінің жәбірленушімен татуласуына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды", - деп хабарлады Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.


Көзі: Yunews.kz