Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөйлейтіні белгілі болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөйлейтіні белгілі болды

444

Smiley face
Фото: сайт Акорды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясының Бас пікірсайысының ашылуына қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы пікірсайыс барысында БҰҰ Бас хатшысы, Бразилия, АҚШ, Египет, Түркия, Нигерия, Мальдив аралдары, Катар, Швейцария және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.
«Мемлекет басшысының БҰҰ Бас пікірсайысындағы сөзі 24 қыркүйекте түстен кейін, Нью-Йорк уақытымен сағат 17-30-да күтіледі», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Тоқаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін бір күн бұрын келді.
Биылғы жылы Бас ассамблеяның сессиясы кедейлікті жоюға, сапалы білім беруді алға жылжытуға, климаттық іс-қимыл мен кешенді көзқарасқа арналған.
Нью-Йоркте болған сапарында Тоқаев американдық саясаткерлермен және АҚШ бизнес капитандарымен бірқатар кездесулер өткізді.


Көзі: Yunews.kz