Бала төртінші қабаттағы балконнан құлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бала төртінші қабаттағы балконнан құлап кетті

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Қайғылы оқиға Ақмола облысында орын алды. Төртінші қабаттағы пәтердің балконынан 5 жасар қыз құлап кетті. Бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға туралы хабар Целиноград АІІБ-не 24 қыркүйек күні таңертең келіп түсті. Полицейлердің ақпараты бойынша, 5 жасар қыз үйде жалғыз болған. Көп ұзамай зардап шеккен балаға «кеуде қуысының ауыр жарақаты» диагнозы қойылды.

Полиция подполковнигі Айнагүл Қуандықова ата-аналарды балаларды терезелері мен балкондары ашық бөлмелерде жалғыз қалдырмауға, сондай-ақ баланың  денсаулығына зиян келтірмеу үшін олардың қауіпсіздігі туралы ұмытпауға шақырады. Оның айтуынша, ата-аналарға бала назардан тыс қалған жағдайларды болдырмау мүмкін емес, сондықтан оның айналасындағы кеңістікті барынша қорғау керек.

Жыл сайын департамент қызметкерлері жаднамаларды таратады, онда баланы өлімге әкеп соқтырмау жөнінде ұсынымдар бар. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлері москит торларының беріктігіне үміттенбеуге шақырады, олар керісінше сенімділік елесін жасайды және өте қауіпті. Құқық қорғаушылар баланы бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелер үшін бекіткіштерді сатып алуға кеңес береді.


Көзі: Yunews.kz